«Елмұра» ұлттық-танымдық клубы

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жанынан құрылған «Елмұра» ұлттық-танымдық клубы - өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделіп, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін баянды ете түсу және   жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру, жаңа идеялар арқылы болашаққа баянды қадам жасап, еліміздің дамуына үлес қосу болып табылады.

Клуб жұмысына 18 жастан асқан кез - келген жастар, қалалық   жоғары және  кәсіптік орта оқу орындарының  студенттері мен оқытушылары, қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, зиялы қауым өкілдері, жастар қоғамдық бірлістіктері, мектеп мұғалімдері, әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздары, тағы басқалар қатыса алады.

Клубтың ұраны:  «Отан! Осынау сөзді бас әріптен жазуымыздың өзі кездейсоқтық емесі кәміл. Біз ол үшін бойдағы бар қуат-күшімізді, қабілет-дарынымызды береміз. Ал қажет бола қалған жағдайда күллі арман  үмітімізді тәрк етіп, тіпті қара басымызды құрбан етуге дайынбыз».

                                                                              Сағадат  Нұрмағамбетов

Клубтың мақсаты: танымдық, насихатшылық. Танымдық, тақырыптық кештер клуб мүшелерімен бірге ақылдасып өткізіледі.

Клуб қызметі-кітапхана әкімшілігі бақылауында. Кітапхана әкімшілігі клубтың кездесулері мен әртүрлі іс-шаралар өткізуге қажетті жағдайды жасайды. Клуб басшылығын  бөлім меңгерушісі және осы бөлімнің кітапханашылары орындайды. Клуб мүшелері клуб белсенділерін тағайындайды,олар өз тараптарынан көпшілік шараларды дайындау және өткізу кезеңінде клуб басшылығына көмектеседі.