- 360
Көрмелік – бұқаралық жұмыс (коворкинг) секторы – кітапханада мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру, тақырыптық көрмелер әзірлеу, коворкинг кеңістігінде оқырмандарға жайлы әрі шығармашылық орта ұсыну бағытында жұмыс істейтін құрылымдық бөлім. Сектордың мақсаты – оқырмандардың мәдени және ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру, кітапхана мен қоғам арасындағы байланысты нығайту.
Сектордың негізгі міндеттері:
- тақырыптық кітап көрмелері мен ақпараттық стендтер ұйымдастыру;
- әдеби кештер, авторлармен кездесулер, шығармашылық іс-шаралар өткізу;
- коворкинг кеңістігін тиімді ұйымдастырып, оқырмандардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасау;
- бұқаралық іс-шаралар арқылы оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- мәдени-ағартушылық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру;
- жергілікті қауымдастықтармен, шығармашылық бірлестіктермен бірлескен шаралар өткізу.
Пайдалы сілтемелер
