- 361
Оқу залы - кітапхананың негізгі бөлімдерінің бірі. Негізгі міндеттері: барлық оқырмандарға бірдей сапалы қызмет көрсету және сұраныстарды толық қанағаттандыру. Өз мақсатын айқындаған бөлім жұмысын оқу еркіндігі, ақпарат көздеріне еркін қол жеткізу жағдайында пайдаланушылардың нақты қажеттіліктерін есепке ала отырып құрады. Бөлімде 18 000 мың дана білімнің әр саласы бойынша кітаптар мен оқулықтар, анықтамалар жинақталған.
Бөлім қызметін пайдаланушылар: жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, ғылыми қызметкерлер, журналистер, әр түрлі білім салаларының мамандары. Кітапхана қызметкерлері пайдаланушыларға кітап оқуға, кітаппен өздігінен жұмыс жасауға әртүрлі дерек көздерден керекті ақпарат алуға, жеке сұраныс бойынша әдебиеттер тізімін құрастыруға көмектеседі.
Бөлімде оқырмандардың қатысуымен мәдени – көпшілік шаралар өткізіледі. Пайдаланушыларды жаңа кітаптардың тұсау кесу рәсімдері, сайыстар мен әдеби кештер, түрлі тақырып төңірегіндегі ашық алаңдар, белгілі адамдармен кездесулер өте қызықтырады, оларды дайындау кезінде кітапханашылар қазіргі уақыттағы заманауи техникаларды, жаңа бағыттарды енгізіп келеді. Жұмыстың дәстүрлі түрлері де ұмытылмайды.
Бөлім жанында «Елмұра» ұлттық-танымдық клубы жұмыс жасайды.
Мәдени – көпшілік шараларға облыстық және қалалық әкімшілік өкілдері, «НұрОтан» ХДП ұйымының өкілдері, телеарна, бұқаралық ақпарат өкілдері, «Елмұра» клуб мүшелері қолдау көрсетіп отырады.
2020 жылы Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай «Алтын Орда-Қазақ мемлекеттілігінің бастауы», Ұлы Жеңістің 75 жылдығына «Ұмытылмас ерлік, өшпес даңқ!» кітап көрмелері ұйымдастырылды.Белгілі ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған, өмірбаяны мен еңбектеріне қызығушылықты арттыру және мұраларын насихаттау мақсатын көздеген "Әл-Фараби және оның мұрасы" жобасы идеясы қолға алынып, Жоба бойынша барлық жұмыстар оның трактаттары мен еңбектері негізінде жүзеге асырылып, кезеңдері уақытында орындалды. Атап өтсек, «Әл-Фараби –ғибратты ғалым» тақырыбында тұрақты кітап көрмесі, баннермен мәжіліс залы жабдықталып, әлеуметтік желіде «Бақытқа жету» еңбегі туралы «Ең үздік әлеуметтік пост жариялау» республикалық байқауы жарияланып, жеңімпаздар анықталды. Жоба республикалық «Рухани қазына-2020» байқауына жолданды.
Нәтижесінде, С.Бәйішев атындағы ОӘҒК-сы «Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай» (кітапхана арасындағы) номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, диплом, статуэтка және 500 000 теңге ақшалай сыйлықты иеленді.
Биылғы 2021 жылғы Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік», атаулы күндерге арналған қазақ халқының басынан өткен алапат ашаршылықтың 100 жылдығына «Нәубет жылдар шежіресі: тарих және ақиқат», «Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар» атты тұрақты кітап көрмелері жабдықталды.
Тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғаларға кітапханамыз мағыналы көпшілік шараларын жыл бойы өткізуді жоспарлап отыр.
Олардың өту барысы және бөлімге келіп түскен «Жаңа әдебиеттер» тақырыбындағы кітап көрмесі пайдаланушылар назарына «@baishevabiblioteka» инстаграмм парақшасында ұсынылып, насихатталып тұрады.
Мереке күндері жылжымалы кітап пунктінде, жазғы демалыстарда «Жазғы оқу залы» жобасы аясында саябақтарға, мектеп лагерьлеріне кітап көрмелері ұйымдастырылады.
Өткізілген мәдени шаралар туралы мақалалар «Ақтөбе», «Үш қоңыр», «Мәдениет» т.б. мерзімді басылымдарына жарияланып, әлеуметтік желілерге шаралар жөнінде жарнамалық ақпараттар беріліп отырады.
Кітап сүйер қауымға өзінің нәрлі бұлағынан мыңдаған оқырманын сусындатып, өскелең ұрпақты тәлімдікке үйретер, шежіреге толы ел тарихын сақтаған, білімнің, мәдениеттің рухани көзіне айналған оқу залының атқарар міндеттері мен ізденістері әлі алда.
Құрметті оқырмандар!
Өзіңіздің жан–жақты жетілуіңізге алғы шарттар жасау, күнделікті ақпараттық сұранысыңызды қанағаттандыру үшін оқу залымен тығыз байланыста болыңыз!
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі: Қалдиева Ақерке Сағидуллақызы
тел.: +7 702 528 85 37
