Жұртшылықпен байланыс және бұқаралық жұмыс секторы

Кітапхана жұмысын жетілдіру және кітапхана жұмысы туралы ақпаратты қоғамға жақындату мақсатында 2015 жылы С.Бәйішевт атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында«Жұртшылықпен байланыс  және бұқаралық жұмыс» секторыашылды. Сектор өз жұмысын 2015 жылдың қаңтар айынан бастады.

Сектор жұмысының мақсаты: кітапхананы қоғам мен билік үшін, демеушілер үшін "көрінетін" ету, оның тартымды бейнесін жасау, беделі мен танымалдылығын арттыру, БАҚ-пен қарым-қатынасын арттыру және ең алдымен газеттермен жақсы жолға қойылған ынтымақтастыққа ықпал ету.

«Жұртшылықпен байланыс  және бұқаралық жұмыс»секторы келесі негізгі функцияларды жүзеге асырады:

  • Ақпараттық кеңістікті қалыптастыру саласында бірыңғай саясатты қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • Кітапхананың қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен, азаматтар топтарымен конструктивті қарым-қатынасы үшін жағдай жасау;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау мақсатында кітапхана бөлімдерінің жұмысын үйлестіру.
  • Қаланың оқу орындарымен шығармашылық келісім-шарттар жасасу.

Сектордың маңызды функциясы "өлкетану" бөлімімен және "мерзімді басылымдар"секторымен бірлесіп БАҚ мониторинг жүргізу болып табылады. БАҚ мониторингі кітапхананың жеке қызметі туралы қоғамдық пікірді бағалау үшін ғана емес, бұл сонымен қатар нақты мәселелерді шешуде басқа ұйымдардың тәжірибесін талдау және пайдалану үшін пайдалы.

Халықты ақпараттандыру үшін БАҚ мүмкіндіктерін кітапхананың барлық бөлімдері қолданады. Журналистердің арқасында кітапхана туралы ақпаратты жұртшылыққа жеткізе аламыз. Баспа басылымдары кітапхана мен жұртшылық байланыстарының кеңдігі мен үнемі жаңарып отыруын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, сектор жұмысының мақсатының құрамдас бөлігі қаланың оқу орындарымен тығыз байланысы болып табылады. «Жұртшылықпен байланыс  және бұқаралық жұмыс» секторының жұмысы БАҚ-пен (республикалық және жергілікті газеттер мен журналдар), Ақтөбе қаласының радиостанцияларымен, қаланың теледидар арналарымен, ЖОО-мен, колледждермен, лицейлермен, Ақтөбе қаласының орта мектептерімен, қаланың қоғамдық ұйымдарымен тығыз байланысты  болады.