«Оқитын өлке - 2026» облыстық акциясы

            17 ақпан күні «Оқитын өлке» облыстық акция аясындаақын, драматург, әнші, сазгер Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жылдығына арналған «Жырым – пырағым» әдеби кеші өтті.

          Аталған шараға «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмаз Жантикенов, ақынның жерлес туысы Сайлаш Сағиева, «INVA PARK» инклюзивті қызметтер индустриясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Гүлмирам Сражева және мүгедектер қоғамының мүшелері қатысып, әдеби кештің мазмұны мен маңызы, ақын шығармашылығының ерекшелігі, ой көркемдігі мен сөз сиқыры жайында ой-пікірлерін ортаға салды.

«Оқитын өлке - 2026» облыстық акциясы аясында  қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері –Бәкір Тәжібаевтың және Ертай Ашықбаевтың шығармашылығы  таңдалды.