«Оқитын өлке - 2026» облыстық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері –Бәкір Тәжібаевтың және Ертай Ашықбаевтың шығармашылығы таңдалды.
Бәкір Тәжібаев
Ақын, драматург, әнші, сазгер Бәкір Тәжібаев – қазақ өнері мен әдебиетіне мол үлес қосқан тұлға. Оның шығармаларында туған жерге сүйіспеншілік, адамгершілік, ұлттық рух тақырыптары кеңінен көрініс табады. Ақынның лирикалық өлеңдері мен драмалық туындылары оқырманды терең сезім мен ойға жетелейді.
Ертай Ашықбаев
Ақын, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ертай Ашықбаев – қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармаларында замана тынысы, ұлттық болмыс, рухани ізденіс мәселелері айқын байқалады. Ақын поэзиясы тіл тазалығымен, көркемдік шеберлігімен ерекшеленеді.
Бұл акция аясында аталған қаламгерлердің шығармаларын оқу – жас ұрпақтың әдеби талғамын арттырып, отансүйгіштік рухын қалыптастыруға зор ықпал етеді.



.png)










