- 557
«Тарихы терең Ақтөбе» жобасының
ЕРЕЖЕСІ
I. Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Осы Ереже Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Қазақстан халқына Жолдауы, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жарлығы, 2023 жылғы 17 маусымында «Әділетті Қазакстан - Адал азамат» Ұлттық Құрылтайының екінші отырысындағы мақаласын іске асыру аясында әзірленді. Онда ұлттың басты максаты - мәдени мұрамызды жан-жақты насихаттау көрсетілген.
С.Бәйішев атындагы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Тарихы терең Ақтөбе» атты жобасын ұсынады. Жобада тұлғаның патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында оқырмандарға өлкеміздің тарихи - әдеби мұрасын насихаттау ұсынылады.
Ақтөбе өңірінің тарихы еліміздің басқа да аумақтарындай қиын кезеңдерде елін корғап, ерлігімен кеңінен танылған батырларымен танымал Өлкетану өз өлкесіне кызығушылық танытатын әр адамның ажырамас серіктесі. Бүгінде кітапхана пайдаланушыларға өлкетануға байланысты бар ақпаратты жедел де, мазмұнды жеткізуде өлкетану қорының ақпараттық орталығы болып табылады. Біздің өлкеміз туралы ақпараттар кашықтан пайдаланатын оқырмандар үшін де өзекті. Сондықтан да өз өлкеміз туралы ақпараттарды кітапхана қорынан және басқа мекемелермен (музей, архив, театр, шығармашылық үйлері, т.б.) байланыс жасай отырып жинақтап, оқырмандарға ұсыну, жеткізу, дәріптеу - кітапхана алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Жобаның мақсаты:
- Оқу мәдениетін қалыптастыру;
- тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау;
- өңірдің мәдени әлеуетін насихаттап, жастар арасында «жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіріп, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлықтарын ояту;
- киелі жерден түлеген тұлғалар мен құндылықты ұғынатын, қастерлей білетін ұрпақ калыптастыру.
Жобаның міндеттері:
- Жергілікті ғалымдармен, өлкетанушылармен, тарихшылармен байланысу арқылы өңірдің географиялық, экономикалық, этнографиялық, демографиялык мәселелері туралы ақпараттарды жинақтап, насихаттау;
- мәліметтер мен ақпараттар қорын бір орталыққа жинақтау: электрондық, тақырыптық, аудио-бейне, фильм, т.б. жазбалар қоры;
- өлкетанудың толық мәтіндік деректер базасын құру, сайт арқылы ұсыну;
- жоба бойынша өткізілген жұмыстарды БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялау;
- мектептер, мұражайлар, ескерткіштер, көше туралы ақпараттарды жинақтау;
- өлкетану оқуларын қызықты етіп ұсынудың жолдарын қарастыру арқылы пайдаланушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру;
- анықтамалық-библиографиялық қорды өлкетану ақпаратымен толықтыру;
- тарихи тұлғалар мен ақын-жазушылардың әдебиеттерін цифрландыру.
- «Тарихы терең Ақгөбе» кең көлемді тақырыптық кітап көрмесін жабдықтау;
- Ақтөбенің тарихын, әдеби-мәдени құндылықтарын насихаттау барысында батыр тұлғалары мен патриот ұл-кыздарымен, еңбек ерлері, қоғам қайраткерлерімен, ақын-жазушыларымен т.б. мактан ететін тұлғаларын насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бекіту және өткізу.
Жобаны іске асыру кұралдары: өлкетану әдебиеттері, электронды материалдар, фотоқұжаттар, анықтамалык-библиографиялық басылымдар, естеліктер, мұражай, архив кұжаттары, интернет базасы, т.б.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2024-2026 ж.ж., жобаның мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Жоба авторлары:
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ Өлкетану әдебиет бөлімі.
Жоба қатысушылары: С.Бәйішев атындағы Ақтобе облыстық әмбебап гылыми кітапханасының оқырмандары, облыстың барлық тұргындары, зиялы қауым өкілдері, өлке тарихын зерттеушілер және мұражай саласындағы қызметкерлер қатыса алады.
Жоба жүмысының нэтижелері:
Жобаның қызметі, іс-шаралары АОӘҒК сайтында, @baishev_kitapkhanasy instagram парақшасында жүктеледі. Жобаның қорытындысы бойынша электрондык ақпараттық өлкетану кейстерін құру, Ақтөбе және Ақтөбе облысының тарихы мен киелі ескерткіштері туралы түсінік қалыптастыру мақсатында оларды пайдаланушыларға ұсыну, сондай-ақ оқырмандарға кітапханаға келмей-ақ акпарат алуға мүмкіндік беру. Кітапқа, фотоальбомға және басқа да материалдарға окырманның қызығушылығы артып, өлкенің тарихына кұрметпен карау аркылы жадында сактау, маңыздылығын түсіну және еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу. Қазіргі заманға сай өлкенің тарихы туралы білім, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, адалдық, азап шегушіге құрмет, әлсіздікті қорғау және Отанға, отбасына деген сүйіспеншілік сияқты мәңгілік құндылықтарды қалыптастыруы тиіс.
Жалпы, кітапхана тарапынан жоспарланған және өткізілген іс-шаралар өңіріміздің тарихи мұрасы мен әдеби-мәдени әлеуетін терең ашуы керек.
Жоба серіктестері: Актөбе каласының тұрғындары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары, өлкетанушылар, зиялы қауым өкілдері, облыстың тарихи-мәдени мұрасын насихаттаушылар, облысымыздың мұражайлары, театрлар, мәдени орталыктары, т.б.