«Тарих тұңғиығындағы тұлғалар»

«Сөздің ең ұлысы,ең сыпаттысы-тарих!»

А.Байтұрсынұлы

Жобаның мақсаты :

Қазақ тарихындағы тұлғаларымызды ардақтау, жас ұрпақты терең білім алу мен еңбек етуіне, адалдыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа бейімдеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жобаның міндеті:

Қазақ халқының тарих беттерін саралай отырып, кітапхана қорын зерттеу, жинақтау, тарих қалыптастырған тұлғалар тағылымынан ғибрат алу.

Жобаны іске асыру мерзімі мен даму кезеңі:

Жобаны  іске  асыру мерзімі  2022 жылдан ұзақ мерзімді қамтиды.

Жобаның жоспары бойынша тарихи кезеңдерге бөліп зерттеу ұсынылады:

1. Ата-бабалар мұрасы және Алаш арыстары.

2. Екінші дүние жүзілік соғыс . Кеңес өкіметі.

3. Тәуелсіз еліміздің дәуірі.

Жобадан күтілетін нәтиже:   

Ұйымдастыру жұмыстарының   кезінде қолжетімді қызметтік байланыс жасау арқылы әлеуметтік желіде ұлы тұлғаларымызға арналған ақпаратқа кең қол жеткізу, жастардың өзін-өзі дамытуына ықпал  етуде кітап оқуды кеңінен насихаттау, кітапхананың оң имиджін арттыру.

Жобаға қатысушылар:

Мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімі, зиялы қауым өкілдері, жергілікті ақындар, жас ғалымдар, магистранттар, магистрлер, білім орындары (мектеп, техникалық және кәсіптік орта  және жоғары оқу орындары), БАҚ өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, жастар орталығы, жастар ісі жөніндегі комитеттер, еріктілер тобы, кітапхана оқырмандары және кітапхана жанындағы  «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшелері.