«Деректі мұраны цифрлау» жобасының ережесі
«Деректі мұраны цифрлау» жобасы (бұдан әрі-жоба) ҚР Президентінің «Ақпаратты Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылы құрылды. Жоба өлкенің тарихын, мәдени құндылықтарын зерделеуге және атақты жазушылар мен ақындардың өмірі мен шығармашылығымен танысуға бағытталған. Жергілікті жазушылар мен ақындардың шығармаларын электронды нұсқаға түсіру, электронды кітапхана құру. Жоба 2017 жылы шыққан «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы арқылы жалғасын табады.
Жобаның мақсаты: өлкенің тарихы мен туындыларын насихаттаудың тиімді және заманауи тәсілі, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу.
Жобаның міндеттері:
Жобаны орындаушылар алдында келесі міндеттер тұр:
- арнайы қорларды сандық түрге көшірудің жиынтық жоспарына сәйкес кітапхана қорындағы құжаттарды сандық түрге көшіру;
- баспа басылымдарының электрондық нүсқаларын пайдалану құқықтарын алу жөнінде авторлармен келісім-шарт жасау;
- электрондық құжаттарды сақтау және мұрағаттау.
- пайдаланушылардың назарын туған өлкенің жазушылары мен ақындарының өмірбаянына және шығармашылығына аудару;
- өлкетану бойынша әдебиеттерді оқуды насихаттау;
Жобаның негізгі бағыты:
- Өлкетану әдебиеттерінің тізімін жасау. Электронды форматта өлкетану әдебиетін қалыптастыру және құру.
- Сайтта «Өлкетану әдебиетінің электрондық кітапханасы» бөлімін құру және ол туралы пайдаланушыларды ақпараттандыру.
- Зерттеу қызметі.
- Жобаны орындаушылар
Жоба «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ бастамасымен орындалады. Жобаға өлкетанушылар, тарихшылар мен пайдаланушылар қатыса алады.
Жобаның басталуы - 2015 жыл
Жобаның аяқталуы - 2025 жыл
Жоба жетекшісі -Салиева А.Қ., Келмагамбетова А.В.
Жобаның негіздемесі: жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген. Өлкетану туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейтін кітапхана қызметінің негізгі бағыты және әр түрлі формада өткізілетін бұл қызмет өзінің өзектілігін жоғалтпайды. Тарихты зерделеу, жергілікті авторлардың әдебиетін білу, патриоттық сезімді ояту, өлкеге, өз еліне деген жауапкершілікті және сүйіспеншілікті дамытуға ықпал ету. Жоба оқу және кітап арқылы өз елінің патриоттарын тәрбиелеуді көздейді.
Жобаның күтілетін нәтижелері:
- жобаны іске асыру кітапханаға өлкетану әдебиеттерін насихаттау бойынша ақпараттық кеңістікте лайықты орын алуға мүмкіндік береді;
- пайдаланушыларды оқуға тарту және пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- кітапхана имиджін көтеру.
Қосымша ақпаратты телефон арқылы білуге болады тел.: 8 (7132) 23-01-09 (ішкі.113)