«Елмұра» клубы

«Елмұра» клубы 2015 жылдан бастап С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінің негізінде құрылған.

Клубтың мақсаты: танымдық, насихатшылық. Танымдық, тақырыптық кештер клуб мүшелерімен бірге ақылдасып өткізіледі.

Клуб қызметі-кітапхана әкімшілігі бақылауында. Кітапхана әкімшілігі клубтың кездесулері мен әртүрлі іс-шаралар өткізуге қажетті жағдайды жасайды. Клуб басшылығын оқу залының меңгерушісі және осы бөлімнің кітапханашылары орындайды. Клуб мүшелері клуб белсенділерін тағайындайды,олар өз тараптарынан көпшілік шараларды дайындау және өткізу кезеңінде клуб басшылығына көмектеседі.

Клубтың ұраны: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Н.Ә.Назарбаев.

«Елмұра»  ұлттық-танымдық    клубының  мақсаты - өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделіп, ұлтымыздың тарихын,салт-дәстүрін баянды ете түсу және   жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру, жаңа идеялар арқылы болашаққа баянды қадам жасап, еліміздің дамуына үлес қосу болып табылады.

Клубтың міндеті:
   1.  Қазақ  халқының  тілін,  мәдениетін,  тарихын оқыту негізінде өскелең ұрпақтың рухани әлеуетін қалыптастыру;
   2.  Оқырмандардың қоғамдық белсенділігін, танымдық қызметін ынталандыру, жастар шығармашылығын дамыту;
   3.  Клуб мүшелерін оқырмандыққа баулу.

«Елмұра» отансүйгіштер клубының  тұрақты мүшелері:

   1. Алатаева Гүлмайрам Әбубакировна – оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі;
   2. Бейісова  Гүлзада  Бағдәулетқызы- оқу залы  бөлімшесінің меңгерушісі;
   3. «Жастар  айнасы» студенттер  қабырға  газетінің  мүшелері
   4.  Есенғұлова Жұлдыз – Жас натуралистер стансасының үйірме жетекшісі;
   5. Оқу залы бөлімінің кітапханашылары –Лакибаева А.Т. Даулбаева А.Ж.,Кемалова А.С.
   6. Жастар бірлестіктері.
   7. Темірханов Асылхан Нұртайұлы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастар ісі бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі

 «Ел мұра» ұлттық-танымдық клубының отырысы әр айдың соңғы сәрсенбісінде сағат 16:00-16:45 аралығында оқу залы бөлімінде өтеді.