Өнер бойынша әдебиет бөлімі

«Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен 
табандылық қажет».

                                                                                  Әл - Фараби

Өнер бойынша әдебиеттер бөлімі

Бөлім тарихынан: Өнер бойынша әдебиеттер бөлімі 1985 жылдан бастап жұмыс істейді. Кітап қорында 10 мыңға жуық кітап бар. Бөлімінің  жұмыс мақсаты-өнер танушыларды, мәдениет қызметкерлерін, өнер сүйер оқырман қауымды кітапханаға тартып жас ұрпаққа  Қазақстанның өнері мен мәдениетін насихаттау.

Бөлімнің кітап қорының құрамында:

  • Өнер саласындағы әдебиеттер; мерзімді баспасөз басылымдар; күйтабақтар;
  • Аудио, видеокассеталар, ноталық жинақтар бар.

Оқырмандар тобы:

Мәдениет және өнер саласының мамандары, зейнеткерлер, қаламыздың жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, мектеп оқушылары

Серіктес ұжымдарымыз:

  • Ғ.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармония;
  • А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжі;
  • Облыстық тарихи-өлкетану музейі
  • Ақтөбе қалалық Қазанғап атындағы өнер мектебі;
  • Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры;
  • Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі;
  • Облыстық көркем сурет және сәндік –қолданбалы өнер музейі:

Сондай ақ осы бөлімде «Қылқалам әлемі» көрме залы мен «Өнерпаз» қызығушылық клубтары бар.

Өнерпаз қызығушылық  клубының мақсаты: жас ұрпақтың бойына қолөнерге деген жауапкершілік сезімдерін, мәдениетін қалыптастыруға және де өнерді сүйіп, аялай білуге, құрметтеуге  белсене қатысатын жастарды тәрбиелеу болып табылады.

  • Танымдық, насихатшылық, жасөспірімдердің бойында Отансүйгіштік  пен туған елінің өнеріне деген патриоттық ыстық сезімдерін ояту ;
  • Әдептілік - аға ұрпақтан жеткіншек ұрпаққа берілетін, ал жеткіншек ұрпақ оқып-тоқып,үйреніп,бойына сіңіретін, дамытып, кемелдендіретін, рухани ынта  мен еңбекті қажет ететін  қасиеттер, кешірімділік, ұқыптылық, турашылдыққа  ден қойдыру мақсатында жұмыс жасау;
  • Жас жеткіншектің санасына өз елі мен  мемлекетіне, мемлекеттік рәміздерге, қолөнер мәртебесін асқақтатуға рухани құндылықтарға деген сезім қалыптастыру;
  • өнердің сырын түсіне отырып, ізденуге, танымдылық қабілеттерінің артуына ықпал ету, эстетикалық тәрбие беру, логикалық ойлау,  өнерге ынтасын, қабілеттерін дамыту. Халқымыздың асыл мұраларын, салт - дәстүрлерін құрметтей білуге, өнерді түсінуге, сүюге тәрбиелеу.      

«Қылқалам әлемі» көрме залы  2012 жылдан бері жұмыс жасайды.  Көрменің мақсаты: Бейнелеу шеберлігінің асқарлы биігіне жету, көркем көре білуді дамыту және көргендерін өз шығармаларында бере білуді суреттен бастап жүрген қаламыздағы қылқалам шеберлерімен кездесу кештерін өткізіп, олардың шығармаларын жастарға, жалпы өнер сүйер қауымға насихаттау және қылқалам иелерінің өмірімен таныстыру.

Көрме залында осы кезеңге дейін ҚР суретшілер одағының мүшелері Есет Исмайылов, Сағынтай Әлімбетов, Таймас Телеушов, Ануар  Өтеген-Тана, Ирина, Айгүл Құрманалиндер, Евгения Сухотина, Ильсуяр Казакова секілді біршама белгілі, танымал суретшілермен кездесу кештері, көрмелері ұйымдастырылды.

Егер Сіз өнер жайында білгіңіз келсе, өнер саласы Сізді  қызықтырса, біздің кітапханамызға келіңіз.