Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімі

Құжаттарды жинақтау , өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімі облыстық кітапхана (1932 жылы) құрылған күннен бастап жұмыс жасайды.

Жұмысының негізгі бағыттары :

  • Жүйелі түрде кітапхананың кітап қорын оқырмандар сұранысына сәйкес отандық басылымдармен, Қазақстан туралы құжаттармен, шетелдік әдебиеттермен, ТМД елдерінің әдебиетімен толықтырып отыру;
  • Жинақтаудың әмбебап бағдарларымен қамтамасыз ету, алуан түрлері, типтері, әр-түрлі тасымалдауыштағы тіл басылымдары;
  • Мемлекеттік тілдегі басылымдарға назар аудара отырып, әдебиеттерді сатып алу және мерзімді басылымдарды сатып алу республикалық бюджеттік бағдарламасын тиімді орындау;

Негізгі функциялары:

  • Кітапхананың басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып кітапхана қорын ағымды және ретроспективті толықтыру;
  • Кітапхана қорының статистика қозғалысын жасау;
  • Негізгі түсу көздері бойынша жұмысты ұйымдастыру: міндетті тегін данасы, сатып алу, сыйға тарту;
  • WEB-РАБИС бағдарламаның «Каталогизатор» және «Кітап қорын толықтыру» модульдері бойынша құжаттарды қабылдау, есепке алу, тіркеу, техникалық өңдеу,кітаптарды еңгізу;
  • WEB - РАБИС бағдарламасы бойынша электрондық каталогты жүргізуді жетілдіру;
  • Дәстүрлі каталогтармен жұмыс жасау, редакциялау;

Ескірген, тозығы жеткен әдебиеттерді есептен шығару, каталогтық карточкаларды каталогтардан алып тастау.