«Тарих естелігі - ұрпақтар сабақтастығы»

Тарих естелігі ұрпақтар сабақтастығы Жобасы page 0001

Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Сипаттамасы: Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Қазақстан даласын зерттеуге және Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған «Рухани жанғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын, «тарих естелігі - ұрпақтар сабақтастығы»  жобасы.
Өлкеге, Отанға деген махаббат - өткенді, тарихи тұлғаларды білу, ұрпақтар жадында сақтау. Мемлекетіміздің тұрақтылығына құрметпен қарау   С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Тарих естелігі - ұрпақтар сабақтастығы» атты фотоальбомын құру жобасын ұсынады. Жобада тұлғаның патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында оқырмандарға өлкеміздің тарихи – мәдени мұрасын зерттеу ұсынылады.
Жобаның мақсаты:
- патриотизм негіздерін қалыптастыру;
- тарих ескерткіштерін құрметтеуге тәрбиелеу;
- ұлы тарихи тұлғалардың өмірі мен ерлігіне деген қызығушылықты арттыру.
Жобаның міндеттері:
- біздің өлкеміздің өткенін зерттеу;
- өлке тарихы арқылы патриотизмге тәрбиелеу;
- туған өлкеге деген сүйіспеншілік пен танымдық қызығушылықты дамыту;
- өлке тарихын насихаттау;
- ақпараттық қызметті күшейту;
- анықтамалық-библиографиялық қорды өлкетану ақпаратымен толықтыру.
Жобаны іске асыру құралдары: цифрланған кітаптар, фотоқұжаттар, анықтамалық – библиографиялық басылымдар, естеліктер, мұражай құжаттары және виртуальды экскурсиялар өткізу.
Жобаның қызметі:
Осы кезеңде өлкеміздің тарихи оқиғаларымен байланысты тақырыптар бойынша тарихи анықтама дайындау және жазу, дайын құжаттарды жүзеге асыру. Тарихи анықтамасы бар фотоальбомды құру жобасы өлке тарихымен байланысты өлкетану құжаттарын жинау және насихаттау мақсатында экспедицияны ұйымдастыру негізінде жүзеге асыру.
Экспедиция жоспары:
1.  2019 жылдың 26-27 тамыз аралығында Ақтөбе өңіріндегі тарихи тұлғаларға тағзым ретінде Алға ауданы: Бекқұл баба, Емшек тау, Есет Көкіұлы. Мұғалжар ауданы: Көтібар батыр. Темір ауданы: Қалмаққырған жері, Қызылдар қырғыны. Байғанин ауданы: Сәңкібай би, Едіге батыр, Досжан хазірет, Қаратау би, Нұрпелес әулие.
2. 2020 жылдың 7-12 қыркүйек аралығында Ырғыз ауданы, Жаманшың метеориттік кратері. Шалқар ауданы, Қазанғап күйші. Сарышолақ Боранбайұлының бейіті. Ойыл ауданы және Кобда аудандарына шығу. Мырзанның адыры, Сүлеймен ата, Әлия бұлағы, Қобыланды батыр.
3. 2021 жылы Мәртөк, Қарғалы ауданы, Қарабұтақ ауылы, Нұрпейіс хазірет мешіті.
4. 2022 жылы Әйтеке би ауданы, Хромтау ауданы.
Жобаға қатысушылар
С. Бәйішев атындағы  Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, облыстың барлық тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, өлке тарихын зерттеушілер және мұражай саласындағы қызметкерлер қатыса алады.
Жобаның негіздемесі
Жоба «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы мен Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында әзірленді және рухани адамгершілік, патриоттық тәрбиемен байланысты.
Жоба серіктестері
Ақтөбе қаласының тұрғындары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарына, зиялы қауым өкілдеріне, облыстың тарихи – мәдени мұрасын насихаттау арқылы жоба іске асырылады. Ақтөбе облысының тарихи орындары мен ескерткіштеріне барлық мәлімет жинақтау, фотоальбом жасау және облыс тұрғындары мен қонақтарына ұсыну.
Жобаны іске асыру мерзімдері / даму кезеңдері
Жобаны іске асыру мерзімі 20.08.2019 жылдан ұзақмерзімді.
Жоба нәтижесі: Жобаның қорытындысы АОӘҒК сайтында жүктеліп электронды нұсқасы жарияланады. Жобаның қорытындысы бойынша электрондық ақпараттық өлкетану кейстерін құру, Ақтөбе және Ақтөбе облысының тарихы мен киелі ескерткіштері туралы түсінік қалыптастыру мақсатында оларды пайдаланушыларға ұсыну, сондай-ақ оқырмандарға кітапханаға келмей-ақ ақпарат алуға мүмкіндік беру. Кітапқа, фотоальбомға және басқа да материалдарға оқырманның қызығушылығы артып, өлкенің тарихына құрметпен қарау арқылы жадында сақтау,  маңыздылығын түсіну және еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу. Қазіргі заманға сай өлкенің тарихы туралы білім, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, адалдық, азап шегушіге құрмет, әлсіздікті қорғау және Отанға, отбасына деген сүйіспеншілік сияқты мәңгілік құндылықтарды қалыптастыруы тиіс.

 

Жоба авторлары: Тілеулесов Талғат Бурханұлы

                          Салиева Ақтоты Қорғанбайқызы