Мерзімді басылымдар секторы

     Мерзімді басылымдар бөлімшесінің негізгі жұмысының бағыттары: кітапхана пайдаланушыларының сұраныстарын зерттеу негізінде мерзімді басылымдар қорын қалыптастыру; оқырмандар сұранысын ескере отырып оларға жедел түрде кітапханалық – библиографиялық қызмет көрсету; көпшілік шаралар арқылы мерзімді басылымдар қорын насихаттау және ашып көрсету.
     Бүгінгі таңда   мерзімді басылымдар бөлімшесі 250 атау газет, журнал қорын құрайды. Олардың ішінде 210 атауы республикалық, 30 атауы  ресейлік басылымдар. Мерзімді басылымдардың  80%  мемлекеттік тілде жаздырып  алынады. Мерзімді басылымдар қорда  5 жыл сақталады.
     2015 жылдан бастап  мерзімді басылымдар насихаттау мақсатында Ақтөбе облысының мәдениет және өнер мекемелерінің облыстық және республикалық БАҚ беттерінде жарияланған «Пресс – жаңалықтары» электронды кітапханалық блогі ашылып жүргізіледі.
     Бөлімше жыл бойы ғылым мен білімнің барлық саласы бойынша зиялы қауым өкілдеріне, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, мектеп оқушылары мен көпшілік оқырман қауымға кітапханалық – библиографиялық қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, түрлі танымдық мәдени – көпшілік шаралар өткізеді.