Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі

     Бөлімнің негізгі мақсаты – облыстық кітапхананы автоматтандыру және ақпараттандырудың стратегиясын анықтау, облыстағы мемлекеттік кітапханаларды автоматтандыру процесіне методикалық басшылық жасау, жаңа ақпараттық технологияларға техникалық қолдау көрсету.
     Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен жасалған Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе Web-РАБИС бағдарламасымен жұмыс жасайды. Бұл бағдарлама кітапханалық үдерістерді автоматтандыру, өзінің ғылыми және білім беру мақсатындағы жеке цифрлық ресурстарын жасау, электрондық топтамаларды, өзінің жеке генерациясының мәліметтер қорын жасау, желілік ресурстарды пайдалану, сирек басылымдарды цифрлау болып табылады. Web-РАБИС бағдарламасы бес модульден тұрады: «Кітап қорын толықтыру»,  «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап беру» және «Оқырмандарды тіркеу».
     Өлкетану бағытындағы құжаттар және басқа да басылымдарды сандық түрге көшіру және Казнэб-ке жіберу бойынша жұмыс атқарылады. Сандық түрге көшіру арқылы кітапхананың электрондық құжаттар қорын қалыптастырады. Баспа басылымдарының электрондық нұсқаларын пайдалану құқықтарын алу жөнінде авторлармен келісім-шарт жасайды. Сонымен қатар кітапханадағы шаралардың ақпараттарын әлеуметтік желілерге жариялап, әр шараның өтуіне техникалық жағынан қамтамасыз етіп отырады.
     Тарихы тереңде жатқан рухани орданың өскелең ұрпаққа берері әлі де көп. Халық қазынасын көздің қарашығындай сақтап отырған кітапхана мәртебесі әрқашан асқақ болып, оқырмандары көп болсын! Кітапхана сөрелері бай қазыналы кітаптарға толы болғай!