Жұртшылықпен байланыс және бұқаралық жұмыс секторы

     Жұртшылықпен байланыс  және бұқаралық жұмыс  бөлімшесінің негізгі жұмысы кітапхананы және кітапханада өткен әрбір шараларды  көпшілік назарынан тыс қалдырмай,  оқырмандардың қызығушылығын арттыру үшін қаламыздағы барлық бақ өкілдерімен тығыз байланыс жасап тұрады.  Кітапханада өткен әр түрлі іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында Рика тв, «AQTÓBE» телекомпаниясы, «Ақтөбе» Тандем» радиоларында  жариялауға тікелей ықпал жасайды. Сонымен қатар  мақалаларды жергілікті және республикалық мерзімді басылымдарға жариялап тұрады.