Абонементтік қамтамасыз ету секторы

Абонементтік қамтамасыз ету секторының кітап қоры 83254 мың  дананы  құрайды. Кітап қорында тіл білімі, филология, көркем әдебиет және әдебиеттану бойынша әдебиеттер (отандық және әлемдік классикалық туындылар, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шығарылған шетел әдебиеттері  қазақ  және  орыс  тілдерінде)  жинақталған.

Бөлімнің  негізгі  жұмыс бағыттары:

  • Оқырмандарға  кітапханалық  қызметті тез арада көрсету;
  • Бөлімдегі  әдебиеттердің сақталуын қамтамасыз ету;
  • көркем әдебиеттерді көпшілік шаралар арқылы насихаттау;
  • бөлімдегі көркем әдебиеттердің оқылуын зерттеу-сараптау.

     Негізгі міндеттері:

  • Бөлімнің кітап қорын оқырман сұранымына сай қалыптастыру;
  • кітапханалық түрлі іс-шаралар арқылы көркем әдебиеттерді барынша кеңінен насихаттау;
  • кітапхана оқырмандарын, әсіресе жастарды көркем әдебиет оқуға тарту, олардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру.-
  • өнер мен әдебиетке құштар оқырмандарлармен жыр мүшәйра, байқау, әдеби-сұхбат, әдеби-сазды қонақжай, дөңгелек үстел т.б. шараларды өткізу;
  • жаңа басылымдардың тұсаукесерін, әдебиеттер көрмесін ұйымдастыру.
  • Кітапхана ісіне жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүргізу және бақылау жасау;
  • Әлеуметтік желілер, сайт арқылы кітапхана қызметі туралы жарнама саласында озық технологияларды енгізуді ұйымдастыру бойынша үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету.