Кітапхананы дамыту бөлімі

     Бөлім облыс кітапханаларының инфрақұрылымын жетілдіру, әдістемелік және зерттеу-сараптама орталығы болып табылады. Облыс бойынша мемлекеттік кітапханалар жүйесінің қызметтеріне зерттеу жасай отыра, олардың дамуы аясында әртүрлі бағдарламалар, жоба, акция, байқау, конференция, семинар-тренингтер мен «Шеберлік мектебін» ұйымдастырады.
     «Ақтөбе облысы кітапханалары. Сандар мен фактілер: Шолу» жылнамасы, кітапхана ісінің өзекті мәселелері бойынша әртүрлі тақырыпта әдістемелік құралдар құрастырып, кітапхана қызметіне инновациялық жаңа үрдістерді енгізеді. Бөлім ҚРҰАК және ҚРҰК, барлық облыс кітапханаларымен әріптестік- әдістемелік қатынаста.