С.Бәйішев атындағы
Ақтөбе облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы
- Ақылдылардың сөздерін
жаттаған адам
өзі ақылды болады.
Негізгі қорларды сақтау бөлімі

Кәзіргі уақыта негізгі қорды сақтау бөлімінің алатын орны облыс көлемінде биік дәрежеде тұр. Қор негізінен әр саладан тұрады, әр түрлі дәрежедегі оқырманды қамтиды. Қәзіргі уақытта 120 мың дана кітап,газет журнал тігінділері бар.

Бөлімнің  атқаратын басты қызметі:

  • сақтау - әдебиеттерді сұраныстарға байланысты оңай табуға қамтамасыз етуге арналып,  шифрына қарап орналастыру;
  • кітап қорының барынша сақталуын, қауіпсіздендіруін қамтамасыз етіп отыру. Кітапхана қорын анықтап белгілеп, мезгілінде түгендеуді жүргізіп отыру.Ұлттық әдебиеттердің  қорын барынша көп толықтыруды және сақтап отыруды ұйымдастыру;
  • қордың орналасқан жерінде санитар-гигиеналық тазалық тәртібін сақтауға жағдай жасау;
  • өңдеуден кейін түскен жаңа түсілімдерді қабылдау;
  • жаңа кітаптарды кітапхананың бөлім құрылымдарының арасына тарату;
  • пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын жедел түрде және толық қамтамасыз етіп отыру;
  • қызмет көрсету – негізгі қордан әдебиеттер оқырмандардың сұранысы бойынша оқу залы арқылы беріледі;
  • кітапханада ұйымдастырылатын кітап көрмелер арқылы жаңа келіп түскен әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды және т.б. мағлұматтарды насихаттау;
  • қордағы кітаптарды электронды тізбеге еңгізу;
  • газеттер қорын сандық нұсқасына салу;

Негізгі қорларды сақтау   бөлімінің қорында  бар   жинақтар: 

  • «Сирек кездесетін кітаптардың жинағы»  
  • «Көлемі кішкентай (миниатюралық) басылымдар»  
  • «Факсимилді басылымдар жинағы»    
  • «Қолтаңбасы бар кітап»

Пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет:  

  • абонемент және оқу залына әдебиеттерді сұраныс бойынша беру;
  • кітап көрмелеріне әдебиеттерді сұрыптау;
  • жаңадан келіп түскен әдебиеттерге шолу жүргізіп отыру;
  • кітапхана бойынша өткізілетін көпшілік шаралар кезінде кітап   көрмелерін қарап шығуды ұйымдастыру.       

Негізгі қорды сақтау бөлімінің міндеті – қорды сақтау. Бөлмелердің температурасын бір қалыпты ұстауына көңіл бөлу.Кітап оқырманға берілген жағдайда бетін түгендеп қарап алу, бұрынан келе жатқан кітаптардың түрлі себептермен беті түгел болмаса соны түгендеп қою кітапханашыладың күнделікті жұмысы.