Warning: Declaration of AriDocsViewerContentPlugin::replaceCallback($attrs, $content) should be compatible with AriMambotBase::replaceCallback($attrs) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/baishev.kz/plugins/system/aridocsviewer/aridocsviewer.php on line 113
Көрмелік – бұқаралық жұмыс (коворкинг) секторы
Көрмелік – бұқаралық жұмыс (коворкинг) секторы

Көрмелік – бұқаралық жұмыс (коворкинг) секторы – кітапханада мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру, тақырыптық көрмелер әзірлеу, коворкинг кеңістігінде оқырмандарға жайлы әрі шығармашылық орта ұсыну бағытында жұмыс істейтін құрылымдық бөлім. Сектордың мақсаты – оқырмандардың мәдени және ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру, кітапхана мен қоғам арасындағы байланысты нығайту.

Сектордың негізгі міндеттері:

  • тақырыптық кітап көрмелері мен ақпараттық стендтер ұйымдастыру;
  • әдеби кештер, авторлармен кездесулер, шығармашылық іс-шаралар өткізу;
  • коворкинг кеңістігін тиімді ұйымдастырып, оқырмандардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасау;
  • бұқаралық іс-шаралар арқылы оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
  • мәдени-ағартушылық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру;
  • жергілікті қауымдастықтармен, шығармашылық бірлестіктермен бірлескен шаралар өткізу.