С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

24 ақпанда кітапхананың оқу залы бөлімшесі Ақтөбе көлік,коммуникация және жаңа технология колледжімен бірлесіп, «Ұлттық құндылықтар-ұлт қорғаны» атты тарихи-танымдық шарасын өткізді. Аталмыш шарада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тұрақты кітап көрмесіне кітапханашы А.Т.Лакибаева библиографиялық шолу жасаса, абонемент бөлімінің кітапханашысы А.С.Мукашева «30 кітап-Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» арналған кітап көрмесімен таныстырды.
Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды құрметтеуді насихаттау мақсатында өткен тарихи-танымдық шараға Ақтөбе көлік,коммуникация және жаңа технология колледжінің оқытушылары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері, «Елмұра» ұлттық – танымдық клубының мүшелері қатысты.

baishevabiblioteka 152905505 186949416555633 1689104306290145297 nbaishevabiblioteka 153491584 140975401136817 7271084750817117029 nbaishevabiblioteka 153622378 234591791719694 3465200748111518822 nbaishevabiblioteka 153702491 264828908416682 7338081998858619830 n