С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

22 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  «Кітап  оқуды жетілдірудің заманауи әдістері: жаңа мүмкіндіктері» атты батыс аймақтық онлайн-семинар zoom платформасында өткізілді.
Шараға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары кітапханаларының мамандары қатысты. Заманауи әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы кітапхана жұмысын ілгерілету, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану мақсатында өткен шарада «Заманауи кітапхана.Заманауи кітапханашы», «Оқырмандарға қызмет көрсету - кітапхананың ақпараттар кеңістігін айқындаушы»,  « Кітап оқу және оқырман: кітапхана кеңістігінің жаңа форматы»,  «Кітапханашы және оқырман: жаңа қатынастар кезеңі», « Заманауи  кітапхана: дәстүрлі және жаңаша қызмет », «Ой маржаны – кітап»  тақырыптарында баяндамалар тыңдалып, жұмыстарына талқылау жасалып іс-тәжірибе алмасты. Шара соңында кітапхана директоры Раймбаева Құралай Серікқызы қатысушыларға алғысын білдірді.

IMG 010053