С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

30 наурыз күні  ақын  Төлеген Айбергеновтің 85 жылдығына арналған  «Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы»  атты республикалық  конференциясы өткізілді. Республикалық  конференцияның алғы сөзі  белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаевқа берілді. ZOOM платформасы арқылы конференцияға қатысқан ақын, филология  ғылымдарының  докторы, профессор, Қазақстан Журналистика академиясының және Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ұлттық академиясының корреспендия мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Бауыржан Жақып  ақынның өмірі мен шығармашылығына, ақын өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталды, ал филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Т.Айбергеновтің қызы Салтанат Айбергенова  әкесі тірі кезіндегі, яғни бабалық шағындағы естеліктермен бөлісе отырып мәңгілік жасайтын талантына бас иетін оқырмандары барына қуанатынын жеткізді.  Сонымен қатар Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері М.Серікқалиева «Жалын жырдың жарық жұлдызы», Ә.Тәжібаева атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері С.Ақайдар «Шынайы талант – мәңгілік ғұмыр»,  №42 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Қабылова «Өмірге ғашық ақын» атты баяндамаларын жасай отырып, ақын өлеңдерінің қуатты әсері, сиқырлы сырын аша түсті. Конференцияны кітапхана директоры Раймбаева Құралай Серікқызы қорытындылап, қазақ поэзиясының көгіне маржан жырдың мөп – мөлдір бір түйіріне айналған Төлеген Айбергенов есімі ұмытылмайды деп, жырға құмар, сөз қадірін білетін қазақ халқымен бірге мәңгілік жасайтын Төлеген жырларын бірге оқуға шақырды. Шарағы арнайы  «Жан еді өлең үшін дара туған» кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды.

591011IMG 0020IMG 0021