С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

19 сәуір күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ар – ақиқаттың айнасы» атты сұхбат ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты - ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерлету, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Іс-шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Қазақ филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы С.Ж.Тәшімбаева, «ҚР Мәдениет саласының үздігі», Журналистер одағының мүшесі, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері А.С.Сарыбай,   Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, филология магистрі А.С.Айтекова, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Ә.О.Бисенғазы, «Қазақстанның құрметті азаматы», «Алтын алқа иегері», кәсіби медиатор Б.Ә.Әбілдаева, тарих ғылымдарының кандидаты, «Сырғалым» клубының жетекшісі Ж.Ж.Оразаева қатысып, ар-намыс, қыз баланың тәрбиесі туралы астарлы әңгіме өрбітті. Жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өзара іс-қимылының нәтижесінде облыстың 233 мемлекеттік кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Парасат жолы» орталықтары ашылды. Осы мақсатта С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында тұрақты түрде іс-шаралар өткізу жоспарланған.

IMG 0336IMG 0331

IMG 0340IMG 0366IMG 0349IMG 0345IMG 0337IMG 0341IMG 0389