С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

15 қараша күні  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасымен бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, күйші  Момын Нұрпейісұлы  Байғаниннің  туғанына 85 жыл толуына орай «Өмірі күймен өрілген» атты өмір мен шығармашылығын насихаттауға арналған еске алу кеші өтті.
Еске алу шарасына  Қ.Жұбанов атындағы АӨУ   құрметті ұстазы   Ерниязов  Абдижалел  Айтуғанұлы, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ «Музыка және хореграфия» кафедрасының  доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Мукеева Нуржамал Ерсаинқызы, Қазанғаптанушы, күйші, Ерен еңбегі үшін медаль иегері, ҚР. Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР. еңбек сіңірген қайраткері, Ақтөбе облысының «Құрметті азаматы» Асылханов  Жайлаубай  Жаншаұлы, АОТӨМ  қорларды ғылыми – зерттеу бөлімінің сектор меңгерушісі Данабаева Жаңылған Әлімбайқызы, Момын Байғаниннің жары - Манар Байғанина  және қызы Гулмира Момынқызы немересі Динара қатысып, естеліктермен бөлісті.
Еске алу барысында  «Өмір жолы» бейнеролик  көрсетіліп, «Тұлпардың тұяғы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Сонымен қатар «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенті   Жақасов Алмас  Байғаниннің «Еңбек» термесін  және  «Музыкалық білім» мамандығының 1-2 курс студенттері  Қожабай Бекжан, Қолғанат Меруерт Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындады.
Еске алу кешіне қатысушылар:  Момын Байғаниннің шәкірттері, мәдениет  қызметкерлері, қаламыздағы жоғарғы және арнаулы оқу орын оқытушылары  мен  студенттері, БАҚ.
С.Бәйішев атындағы  Ақтөбе облыстық  әмбебап   ғылыми       кітапханасы директоры Хакимова Сұлушаш Максимқызы  мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының директоры Мазылбекова Илия Оразғалиқызы еске алу шарасының қонақтарына және қатысушыларына  алғыстарын білдірді.

IMG 0045IMG 0048IMG 0059IMG 0061IMG 0066IMG 0070IMG 0075IMG 0076IMG 0036