С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

13 желтоқсан күні жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет», «Парасат»  орденінің иегері, «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазинаға мерейлі 80 жас толуына орай шығармашылығына арналған «Қайсар қызы халқының» тақырыбындағы әдеби кеш ұйымдастырылды.
Шарада Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Жаңғабыл Қабақбаев жазушыдан алған сұхбаты жөнінде баяндады. Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенті Сисенова Аружан «Тауқымет» романын ауқымды талқылады. «БІЛІМ» мектеп-гимназия оқушысы Шокенова Жұлдызай Е.Ашықбаевтың «Бибі-Ана» өлеңін мәнерлеп оқыды.
Әдеби кешке Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттері мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітапхана оқырмандарына «Қайырымды кейуана» және «Аңызға айналған аналар» атты кітап көрмесінің библиографиялық шолуы  ұсынылды.

IMG 0016IMG 0045IMG 0059IMG 0073IMG 0100IMG 0111