С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

21 желтоқсан күні «Ой маржаны – кітап» медиа жобасы аясында «Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, ұстаз Марат Әйтімовпен кездесу өтті. Шараға №51 мектеп-гимназиясының 10-11 сынып оқушылары мен Еуропалық экономика, бизнес және құқық колледж студенттері қатысты. Кеш барысында Марат Олжайбайұлы ұрпақ тәрбиелеудегі кәсіби шеберлігі мен жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Шара соңында М.Олжайбайұлының шәкірті, классикалық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, дарын сыйлығының лауреаты Омаров Нұртас ән шырқады.

IMG 0004IMG 0009IMG 0013