С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

20 қазан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі 25 қазан - Республика күніне орай   тарих ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры Н.А.Абдоллаевтың, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Б.Қ.Қалмағанбетовтың және Астана аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.С.Ағниязовтың, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшесі А.У.Бисенгалиеваның қатысуымен «Шарықтап, шыңға ұмтылған Қазақстан!» патриоттық акциясын өткізді.
  Шара қонақтары 2009 жылға дейін ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде бүкіл халықпен аталып, қоғамдық қолдауға ие болған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралғанын, осы тарихи маңызды қадам арқылы  еліміз дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басқандығын, сол кезеңдегі қиыншылықтарға төтеп берген  мемлекетіміздің өркендеу жолдарын  баяндап, тәуелсіздік жетістіктерін мақтанышпен атап өтті.
Аталмыш шара барысында дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Н.Оразов Ө.Айниязовтың «Қазақстаным!» және қазақ жүрегінің жырына айналған «Атамекен» әндерін, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжд студенттері «Тәуелсіздік-тірегім» әдеби монтажын тарту етті.   
Оқырмандар назарына «Көк байрақты құт мекенім!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып,  еліміздің даму тарихын  сипаттайтын слайд көрсетілді.Шараға қаламыздағы №6655 әскери бөлімінің сарбаздары, өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

IMG 0432 IMG 0432 IMG 0432 IMG 0432 IMG 0432 IMG 0432 IMG 0432 IMG 0432 IMG 0432