Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы

 13 желтоқсан күні 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің т.ғ.к., аға оқытушысы А.М.Еспенбетованың, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі Н.Б.Беисова мен №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Д.Н.Есқалиеваның қатысуымен «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы» кездесу кеші өтті.
Сонымен қатар, кешке Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімі мен қылмыстық атқару департаментінің қызметкерлері, №40 қазақ орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Шара қонақтары    Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, халқымызға ғасырлар бойғы арман болған, бұл күн-Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі екендігін айтты. Осынау күннің қасіретін еске алып,   қыршын кеткен қазақ жастарының ерлігі жайында сөз сөйледі.
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін ұғындыра отырып, жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, тәуелсіздігімізді қадірлеуге, халқына, ұлтына адал қызмет етуге шақырды. Сондай –ақ, тарихи, қоғамдық-саяси маңызы зор, ел тарихында өзіндік орны бар Желтоқсан оқиғасына арналған шараны ұйымдастырған кітапхана ұжымына шексіз ризашылықтарын білдірді.
Аталмыш шара барысында №40 қазақ орта мектебінің оқушылары тәуелсіздікке арнап «Тасада өскен гүл»  пьеса қойып, кітапханамыздың жас мамандары «Тәуелсіздік тартуы» әдеби монтажын тарту етті.
Оқырмандар назарына «Азаттық таңы жолында» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылып, еліміздің даму тарихын сипаттайтын  бейне баян көрсетілді.

IMG 0016 IMG 0016 IMG 0016 IMG 0016 IMG 0016 IMG 0016 IMG 0016 IMG 0016 IMG 0016 IMG 0016 IMG 0016 IMG 0016