Шекарасыз әдебиет

 Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Ульяновск қаласының №4 Е.Евтушенко атындағы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық бюджеттік мәдениет мекемесімен «Шекарасыз әдебиет» жобасы аясында  онлайн кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты - әдеби бірлестіктердің ынтымақтастығы мен достығы, жазушылар мен ақындардың шығармашылығымен таныстыру.
Баяндамашылар: Е.Евтушенко атындағы №4 мамандандырылған кітапханасының бөлім меңгерушісі Т.Андрюкова, Ульяновск МБУК ОКЖ №1 «Өнер әлемі» мамандандырылған кітапханасының меңгерушісі Н.Никитина, Е.Евтушенко атындағы №4 кітапхананың жетекші кітапханашысы М.Киселева, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Б.Снабаева, ақын, журналистика  саласының ардагері М.Түгілова, ҚОХУ Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті Е.Емельянова, «№17 гимназия» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Хабарова,  А.Ермекова атындағы «№23 ЖОМ»  кітапхана меңгерушісі  О.Гаращенко.
Шара барысында кездесуге қатысушылар «Литературный мост дружбы», «Продвижение наследия поэта Расула Гамзатова», «Я буду видеть сердцем», «Весны чарующая сила!» тақырыбында ой бөлісті. Қазақ-Орыс халықаралық университеті, гуманитарлық-техникалық жоғары колледж студенттері, №17 гимназия, №23 мектеп-лицей оқушылары мерейтойлық ақындар Р.Ғамзатовтың, Э.Асадовтың, А.Құнанбаевтың, К.Симоновтың, И.Гёте, сол күннің қаһарманы Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер» шығармасынан үзінділер және басқа да атақты ақын-жазушылардың шығармаларын оқыды. Жиын соңында кітапхана директоры С.Хакимова кездесуге қатысушыларға сертификат табыстады.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1