Сертінен еш жаңылмаған

Бүгін 15 ақпан- Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Сертінен еш жаңылмаған» патриоттық кеш өтті.
      Биылғы 35 жылдық маңызды күнге арналған іс-шараға Ақтөбе облысы ауған соғысы  жауынгер-интернационалистерінің қоғамдық   бірлестігінің   төрағасы А.Н.Балкасынов, Ақтөбе облысы ауған соғысы жауынгер-интернационалистерінің қоғамдық бірлестігінің орынбасары А.Б.Жұмабеков, Ауған соғысының ардагерлері: С.Ә.Қариев,Р.Н.Кенжегарин,А.Иманқұлов, «Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» АӘД пәнінің оқытушысы Е.Ж.Мурсалимов қатысып, жалпы Ауған соғысына аттанған қазақ жауынгерлерінің ресми деректерінің, оның ішіндегі Ақтөбе облысынан әскери қатарға алынған сарбаздар туралы, тарихта өзіндік орны бар оқиғаны  баяндап өтіп, Ұлы даланың айбынды ұландарын халқымызға аянбай қалтқысыз қызмет етуге шақырды.
Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына нық сенген, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың құрметіне арнап кітапхана оқырмандары, Ақтөбе жоғары Кеңес Одағының батыры М.Мәметова атындағы медициналық колледжінің 1 курс студенті Б.Алламбергенов ақын Ж.Молдағалиевтің «Отан», кітапханамыздың жас маманы А.Х.Қойшығалиева Б.Смағұлдың «Ар үшін туған арыстар» өлеңдерін оқып берді. 
Сонымен бірге, Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан №6655 әскери бөлімінің офицерлері еліміздің бейбіт өмір кешуіне өз үлестерін қосқан ардақты ардагерлерімізді айтулы күнмен құттықтап, өлең жолдарын арнап, әнмен шашу шашты.
Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы IІM М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының студенттері мен оқытушылары, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының оқушылары мен мұғалімдері, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшелері қатысты.

Кітапхана оқырмандарның назарына «Ауған жаңғырығы» кітап көрмесі мен слайд ұйымдастырылды.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1