«Әппағым»

    17 сәуір күні «YMYRTTAGY KITAPHANA» жобасы аясында жазушы, өнер сыншысы, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, Т.Жармағамбетов атындағы жүлдесінің иегері, облыстық халық шығармашылығы орталығының редакторы Сағадат Ордашеваның «Әппағым» жаңа кітабының таныстырылымы өтті.
   Шараға Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы өнер және халық шығармашылық бөлімінің басшысы Назимат Бекқазықызы мен ақын, аудармашы Гүлімай Әбішқызы сөз сөйлеп, «Әппағым» жаңа кітабының тұсауын кесті. Сонымен қатар, кітапхана кызметкері Балагүл Бакиева  «Авторын іздеген кейіпкер» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1