С.Бәйішев атындағы
Ақтөбе облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы
- Ақылдылардың сөздерін
жаттаған адам
өзі ақылды болады.
«КІТАП ФЕСТИВАЛІ - 2024»
item->images); ?> image_intro) && !empty($imageObject->image_intro)){?>

3 маусым күні С.Жиенбаев атындағы креативті орталығының алаңында   Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін, жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және ақын- жазушылардың шығармаларын насихаттау  мақсатында «КІТАП  ФЕСТИВАЛІ - 2024» шарасының ашылуы өткізілді.
        Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисова бүгінгі өтіп жатқан шараның кітап сүйер қауымның, өңірімізге белгілі қаламгерлердің, қала тұрғындарының басын бір уақытта қосқан нағыз рухани жәрмеңкеге айналып отырғандығын атап айтып, шара қонақтарына алғысын білдірді.  
        Шара кішкентай бүлдіршіндердің «Кітаппен дос боламыз» флешмобымен ашылып, Фариза Оңғарсынова атындағы мектеп - гимназиясының «Ғажайып» театр студиясының театрландырылған әдеби-музыкалық  монтажы қойылып,  шараға келген оқырмандарға«Тапқыр  болсаң, озып көр!»интеллектуалдық ойыны ойнатылды.Ақын,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қуанышева Гүлімай Әбішқызымен «Сәлеметсіз бе, БАҚЫТ?!» кездесу кеші өтіп, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған  «Жұртымның жусан жырымын» кітап көрмесі жасақталып кеш қонақтарына таныстырылды.
        «Кітапханаға кітап сыйла» акциясында «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, жырау Әділбек Сарин, оқырмандар кітапханаға жеке кітаптарын сыйлап, кітапхана қорын толықтырды.                
        Қойнауы тарих пен шежіреге арқау болған құтты мекен Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай «Ақтөбе – құтты мекен» кітап көрмесі  кең көлемде ұйымдастырылып,  «Жаңа кітаптар жаңалығы», «Education ireland – Білім аралы – Остров оброзования», «Баспасөз елдің – бүгіні, ертеңі, тарихы...» тақырыптарында кітап көрмелері, кітап дүкендерінің жаңа кітаптар жәрмеңкесі өткізілді.
        Мерекеде ертегі кейіпкерлері шара қонақтарына тамаша көңіл күй сыйлады.  Шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, жалпы білім беретін мектеп оқушылары, мұғалімдер, колледж студенттері мен кітапханашылар, облыстық, қала кітапханаларының қызметкерлері, БАҚ  өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.  «КІТАП  ФЕСТИВАЛІ - 2024» шарасы қала тұрғындары, кітапхана оқырмандары үшін 10 күн бойы С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өтеді.

1 7 1 7 1 7 1 7 1 7 1 7 1 7 1 7 1 7