С.Бәйішев атындағы
Ақтөбе облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы
- Ақылдылардың сөздерін
жаттаған адам
өзі ақылды болады.
Тұңғыш кәсіби сәулетші
item->images); ?> image_intro) && !empty($imageObject->image_intro)){?>

 Тұңғыш  қазақ  архитекторы,  ҚР еңбек сіңірген құрылысшысы Төлеу  Құлшаманұлы  Бәсеновтің  туғанына  115 жыл толуына орай «Тұңғыш кәсіби сәулетші»  оқырман конференция   өтті. 
      Шара барысында : Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кәсіби - шығармашылық факультеті дизайн білім бағдарламасының профессорлары мен оқытушылары  Жәнібек Каржауович Таттыбаев, Боранбай Мурзагалиевич Моменов, Муканбеткали Нурашович Аймаганбетов  тұңғыш қазақ архитекторы Төлеу  Бәсенов Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, еліміздегі қазіргі архитектуралық мектептің негізін қалаған,сонымен қатар, осы саланың одағын құрып, мамандарын дайындауға үлес қосқан ғалым - педагогтардың бірі болып, артында айтулы із қалдырып қана қойған жоқ, өзінің ерен еңбектерімен кейінге үлгі бола білген, сәулет өнерінің ұлттық түрінің дамуына орасан үлес қосып, қабілетті мамандардың дайындалуын, өсуін,  өркеңдеуіне ықпал еткендігі турасына оқырманға толық ақпарат берді. Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе  өңірлік   университетінің  кәсіби -шығармашылық  факультетінің  5 курс  студеттері Қырықбаева Аружан, Сағынбаева Зарина, Изтаева Айша, Файзуллина  Шынар жобаларын таныстырып өтті.  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап   ғылыми    кітапханасының  директоры  Хакимова  Сұлушаш  Максимқызы қорытып,  қонақтар  мен  барша  қатысушыларға  алғысын  білдірді.  Кітапхана қорында бар Төлеу  Бәсеновтің еңбектері мен мерзімді басылымдардың дерек көздерін қамтыған «Сәулетші жолы – ұлт құндылығы » кітап көрмесі  жасақталды.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1