С.Бәйішев атындағы
Ақтөбе облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы
- Ақылдылардың сөздерін
жаттаған адам
өзі ақылды болады.
Кітапхана қорларының сақталуын қамтамасыз ету: негізгі тәсілдер
item->images); ?> image_intro) && !empty($imageObject->image_intro)){?>

 С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 30 қыркүйек күні «Кітапхана қорларының сақталуын қамтамасыз ету: негізгі тәсілдер» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.
Вебинарда  «Кітап қорларын қорғау және сақтау қағидалары» тақырыбында С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының негізгі қорларды сақтау бөлімінің кітапханашысы А.С.Кемалова кітапхана қорларының білім мен мәдениетті сақтаудағы маңыздылығын талқылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметі бөлімінің меңгерушісі А.М.Шоманова кітап қорларын консервациялау және қалпына келтіру жұмыстары бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының негізгі қорларды сақтау бөлімінің меңгерушісі М.Ә.Аманбекова тарихи кітаптар мен сирек басылымдардың маңыздылығын айтып, сақтау ережелерімен бөлісті. С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Н.А.Өмірзақова сирек кітаптар мен құжаттарды цифрлық форматқа көшіру арқылы олардың қолжетімділігін арттыру және физикалық тозуын азайту, кітап қорларын ұзақ мерзімді сақтау үшін маңызды құрал ретінде цифрландыру бағытында  жүргізіліп жатқан жұмыстары барысындағы тәжірибесімен бөлісті. Вебинарға облыстық, аудандық, қалалық негізгі қорларды сақтау бөлімінің кітапханашылары, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің кітапхана ісі факультетінің студенттері қатысты.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1