situs toto 4d

slot thailand

situs toto 4d

slot bet 200

scatter hitam

situs toto

rokokbet

rokokbet

situs toto macau

rokokbet

slot777

rokokbet

slot bet 200

rokokbet

rokokbet

https://www.sehitkamilsydv.org.tr/

scatter hitam

rokokbet

scatter hitam

slot thailand

Мұхаммед Хайдар Дулати тағылымы
Мұхаммед Хайдар Дулати тағылымы

          Биыл XVI ғасырда өмір сүрген Орталық Азия тарихшысы, әдебиетші және қоғам  қайраткері, 1411-1551 жылдардағы Үндістанның Кашмир өлкесінің билеушісі, әйгілі «Тарих-и-Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы Мұхаммед Хайдар Дулатидың туғанына 525 жыл.  Осыған орай, кітапхана қызметкерлері   Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеті, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Еспенбетова Айнагүл Мейрамбекқызы, Ә.Кекілбаев атындағы №72 ЖББО ІТ мектеп-лицейінің тарих пәні  мұғалімі, Республикалық "Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпазы, "Қазақстанның әкелері" Республикалық әкелер қоғамдастығының құрылтайшысы, Алтынсарин төсбелгісінің иегері Тобылбаев Еркін Теміржанұлының қатысуымен «Мұхаммед Хайдар Дулати тағылымы» кітапханалық ауызша журнал өткізді.
          Шараның қонақтары қазақ ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халқымыздың тұңғыш тарихшысы - Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір жолы мен қызметін, «Тарихи-и Рашиди» кітабы туралы нақты дәлелдемелерді  айта отырып, бұл ғылыми еңбектің  жас ұрпақ бойындағы тарихи сананы жаңғыртып, тағылым алуына жетелейтініне нық сенім білдірді.
          Сонымен қатар, дулаттануды бүгінгі күн талабы тұрғысынан биік деңгейде дамытып отырған Тараз қаласынан зум қосымшасымен филология ғылымдарының докторы, профессор "Дулатитану және өңір тарихы" ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы  М.Х.Дулатидің әдеби мұрасы – «Жаһан-наме» дастаны жайында  баяндап берді.
        Шара барысында кітапхана оқырмандарының назарына ұйымдастырылған «Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати-дала өркениетінің шежірешісі»  кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмірдерегін сипаттаған бейне баян көрсетілді. Ұлы тұлғалар мұрасын  жаңғыртып, жаңа қырынан танытуда оқырмандарға жыршы  Жолымбетов Демеубай тарихи шығармалардан жыр орындап берді. Шараға   Қ.Жұбанов атындағы  университетінің  Жоғары және көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледждерінің оқытушылары мен студенттері, қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері мен кітапханашылары,   кітапхана оқырмандары қатысты.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1