14 тамыз күні «YMYRTTAGY KITAPHANA» жобасы аясында өзінің тың идеяларымен, жаңашылдығымен, өзіндік стилімен әдебиет әлемінде қалың жұртшылықтың назарын аударып жүрген жас жазушы, «Таласбек – 2023» республикалық әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әлихан Жақсылықтың «Африкадан Аляскаға» атты жаңа кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды. Шараға кітапхана оқырмандары қатысып, жазушылар Ардақ Қонақбаева, Нұрлыбек Жұбатқан, ақын Гүлімай Әбішқызы жас қаламгерге жылы лебіздерін білдірді. Әлихан Жақсылық «Алты құрлық», «Төрт мұхит» хикаяттар жинағы мен 2024 жылы қазақ тілінде және Лондон қаласында ағылшын тілінде жарық көрген «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» романының авторы. Сонымен қатар «Үкілі әуен», «Күшті көліктер», «Қаһарман», «Ырысты ыдыстар» сияқты ұлттық танымдағы анимациялық жобалары қазіргі таңда кішкентай бүлдіршіндердің дүниетанымын кеңейтуде үлкен үлес қосып отыр. Шара барысында жазушы өз шығармашылығы жөнінде сұхбат беріп, сұрақтарға жауып бірді. Оқырман назарына кітапханашы Балагүл Бакиева арнайы ұйымдастырылған «Талантті қаламгер» кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді.