19 қыркүйек күні «YMYRTTAGY KITAPHANA» жобасы аясында және «Қаламгер» әдеби қонақжайында ақтөбелік ақын Балагүл Бакиевамен «Көңіл толқыны» поэзия сағатына өтті. Ақтөбелік ақын Балагүл Бакиева шығармашылығын қалың оқырманға таныстырып, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кездесуге Қазақстанға аты мәшһүр ғалым, филология ғылымдарының докторы профессор Жұбаназар Асанов, ақын-драматург, ҚР Ұлттық педагогикалық ғылым Академиясының академигі, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, білім беру және мәдениет саласының ардагері Нұрлыбек Қалауов, ақын, журналист Индира Өтеміс және кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында кітапхана қызметкері Рысжан Болашқызы «Жанымның күйісің, Тәңірдің сыйысың – Өлең!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізіп, шара жұогізуші Қызғалдақ Алпысбаева ақын Балагүл Бакиеваға арналған фото-шежіре слайд, ақын Гүлимай Әбішқызы және кластасы Жансұлу Есмағанбетова жолдаған бейнеқұттықтауды ұсынды. Сонымен қатар, оқырмандар Ерсұлтан Шығанақ, Әсел Еркінқызы ақынның «Ұзату», «Менің қалам», «Жаз», «Пешене», «Сынағыңа шыдамым мың» өлеңдерін оқып, қаламгер Балагүл Бакиева «Ризамын» әнің тарту етті. Оқырман сауалдарына жауап беріп, өзінің шығармашылық жолы және алдағы жоспарлары туралы баяндады. Кітапхана директорының м.а. Айгүл Крымқұлова шара қонағына шығармашылық табыстар тілеп, сый-сияпат көрсетті.