Deprecated: Methods with the same name as their class will not be constructors in a future version of PHP; plgSystemAridocsviewer has a deprecated constructor in /var/www/turkestan_hosting/data/www/baishev.kz/plugins/system/aridocsviewer/aridocsviewer.php on line 21

Deprecated: Methods with the same name as their class will not be constructors in a future version of PHP; AriDocsViewerContentPlugin has a deprecated constructor in /var/www/turkestan_hosting/data/www/baishev.kz/plugins/system/aridocsviewer/aridocsviewer.php on line 106

Warning: Declaration of AriDocsViewerContentPlugin::replaceCallback($attrs, $content) should be compatible with AriMambotBase::replaceCallback($attrs) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/baishev.kz/plugins/system/aridocsviewer/aridocsviewer.php on line 113
Ұлт намысын ұран тұтқан тұлға
Ұлт намысын ұран тұтқан тұлға

8 қараша күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған қаламгер, қазақтың халық  жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты   Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт намысын ұран тұтқан тұлға» әдеби кеші өтті.
Кеш барысында №51 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Нұргүл Смайлова қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жөнінде тың ақпараттармен бөлісіп, оқырман қауымға «Соңғы парыз» романы жөнінде сөз етті.
Сонымен қатар Әбдіжәміл Нұрпейісовтің көзін көрген ҚР Жазушылар одағының  мүшесі, ақын, драматург, ҚР Мәдениет саласының үздігі - Нұрлыбек Қалауов, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист – Талғат Тілеулесов және қаламгермен сапарлас болған ақсақал Амангелді Чинаров жазушы жөнінде жылы естеліктерін баяндады.
Шарада кітапхана қызметкері Әсел Еркінқызы «Әлем әдебиетінің Әбдіжәмілі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Ақын Шөмішбай Сариев пен Жүрсін Ерманның шығармашылығынан Ақтөбе жоғары гумманитарлық колледжі студенттері Орақова Мөлдір, Дабидбекқызы Фариза, Мұратова Жүзім Ә.Нұрпейісовке арнау өлеңдер оқыса,  Маралұлы Мұқағали «Қан мен тер» трилогиясынан үзінді оқыды.
Шара соңында кітапхана директоры Хакимова Сұлушаш Максимқызы  қонақтарға алғыс білдірді.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1