14 қараша күні жазушы Тобық Жармағамбетовтың 90 жылдығына арналған «Жарқамыстан шыққан жазушы» әдеби кеші ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жазушы Т.Жармағамбетовтың шығармашылығын насихаттау. Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ақтөбе» телеарнасының ардагері Жақсылық Айжанов; Тобық Жармағамбетовтың туысы Болат Жармағамбетов; қаламгердың шәкірті Жеңіс Қазиев; ақын, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, білім беру және мәдениет саласының ардагері, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Нұрлыбек Қалауов; Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ағипа Мұхтарова қаламгердың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндап беріп, естеліктермен бөлісті.
Шара барысында кітапхана оқырмандары Мұқағали Маралұлы, Жұмағұлова Ақибан, Бекарыс Құралбаев, Нұрила Тілектесова Тобық Жармағамбетовтың «Жарқамыс деген бір жер бар ...» өлеңін, «Қара жаңбыр» повесінен үзінді, Тобық Жармағамбетовтың рухына арналған Ертай Ашықбаевтың «Нәзік бұлттар», Нұрлыбек Қалауовтың «Тобық ескерткіші басындағы ой» арнауыларын оқып берсе, кітапхана қызметкері Рысжан Карагулова «Сәлем саған, ер Тобық ...» кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді. Сонымен қатар, Ертай Ашықбаевтің сөзіне жазылған Орал Байсеңгірдің «Тобық аға» әні тыңдалып, кеш жүргізушісі ақын Аманжол Сламғали оқырмандарға «Тобықтың тұғыры» фото-шежіре слайд, Байғанин ауданы Тобық Жармағамбетов атындағы орта мектебі жолдаған «Тобық мектебі» бейнежазба ұсынды. Кітапхана директоры Сұлушаш Хакимова әдеби кешті қорытындылап, кеш қонақтарына, оқырмандарға алғысын білдірді.