situs toto

situs toto 4d

slot thailand

ROKOKBET

slot bet 200

scatter hitam

situs toto

rokokbet

rokokbet

situs toto macau

rokokbet

rokokbet

rokokbet

rokokbet

situs toto

scatter hitam

scatter hitam

rokokbet

situs toto

SLOT PALING GACOR

SCATTER HITAM

SITUS TOTO SLOT

Күйшілер одағы
Күйшілер одағы

2024 жылғы 12 желтоқсанда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық   әмбебап ғылыми кітапханасы мен «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен  Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Қазанғаптың күйлерін жеткізуші, күйші Жәлекеш  Айпақовтың  120  жылдығына  орай күй кеші өтті.
    Күй кешіне Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында 30 жыл қызмет еткен ардагер әнші, Ғ.Құрманғалиевтің шәкірті, мәдениет саласының ардагері, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің «Мәдениет майталманы» Өтеғалиев Хайдар Серғазыұлы, қазанғаптанушы, күйші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің  иегері, білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ақтөбе облысының «Құрметті азаматы» Жайлау Асылханов, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, «Құрманғазы Сағырбайұлы» төсбелгісінің иегері Салима Алдабергенова, «Күйшілер одағы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы, күйші әрі ұстаз,   ҚР Мәдениет саласының үздігі Талап Хамзин, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушысы Балымбет Күзенбаев, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты Нұрали Сдыков, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты Құрманғазы Асылханов бастаған белгілі күйшілер қатысты.
Күйшілер республика жұртшылығына алғаш таныстырған Жәлекеш  Айпақовтың Қазанғаптың «Торы ат», «Бала Қаратөс», «Көкіл», «Учитель» тағы да басқа күйлерін  орындады. Академик Ахмет Жұбанов өзінің «Ғасырлар  пернесі» атты кітабында: «Жәлекеш  Қазанғап тартатын күйлердің 20-ға жуығын біледі», - деп жазған. Қазанғап күйші дүниеден өтсе де, Жәлекеш Айпақов сынды жеткізушілері арқылы бізге жеткен оның мол мұрасы, өскелең ұрпақтың игілігіне айналды. Оның дәлелі – бүгінгі күй кеші. Қазақ халқының  мақтанышы әлем сахналарында да орындалып жүр.
Осындай игі іс-шаралар өнер саласындағы үлкен тұлғаның мұрасын дәріптеп, жастар арасында күй өнеріне деген қызығушылықты арттыруға септігін тигізері сөзсіз.Шара барысында «Күй – құдірет, күй – кие!» кітап көрмесі  жасақталды. Күй кешіне мәдениет саласының қызметкерлері, кітапханашылар, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1