Deprecated: Methods with the same name as their class will not be constructors in a future version of PHP; plgSystemAridocsviewer has a deprecated constructor in /var/www/turkestan_hosting/data/www/baishev.kz/plugins/system/aridocsviewer/aridocsviewer.php on line 21

Deprecated: Methods with the same name as their class will not be constructors in a future version of PHP; AriDocsViewerContentPlugin has a deprecated constructor in /var/www/turkestan_hosting/data/www/baishev.kz/plugins/system/aridocsviewer/aridocsviewer.php on line 106

Warning: Declaration of AriDocsViewerContentPlugin::replaceCallback($attrs, $content) should be compatible with AriMambotBase::replaceCallback($attrs) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/baishev.kz/plugins/system/aridocsviewer/aridocsviewer.php on line 113
Бәріміз бас құрап, Тағы да табыстық...
Бәріміз бас құрап, Тағы да табыстық...

Желтоқсанның 13-і күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында ақын, журналист, КСРО Журналистер Одағының мүшесі Смат Қабылбаевтың 90 жылдығына арналған «Бәріміз бас құрап, Тағы да табыстық...» еске алу кеші өтті.  Аталған еске алу кешіне ақын С.Қабылбаевтың көзін көрген Қаршыға Айтқұлов, сондай-ақ қаржы саласында ұзақ жылдар қызмет еткен Райса Абашева, ақынның жерлесі Есенгелді Сатмұханбетов және Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ләззат Балғазиева қатысты.Сонымен қатар Филология ғылымдарының докторы, профессор, Педагогика ғылымдарының академигі Алпысбай Мұсаев пен жолдасы Педагогика және психология кафедрасының профессоры Айсұлу Тасимова «Zoom» қосымшасы арқылы байланысқа шығып, ақын Смат Қабылбаев жайлы естеліктерін ақтарды. Іс-шара барысында қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертетін «Жоғалмаса болды бейнең кеудемнен...» кітап көрмесі таныстырылды. Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері ақын жырларын жатқа оқыды. Сондай-ақ студент-жастар С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін орындап, жиналғандардың қошеметіне бөленді. Кеш соңында қатысушы қонақтар алғыс-тілектерін жаудырды.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1