«Алтын адамның сырын ашқан Мағрипа»

5 наурыз күні кітапхана қызметкерлері физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Шөжеқызы Жылқыбаеваның 80 жылдық мерейтойына орай «Алтын адамның сырын ашқан Мағрипа» танымдық сағатын өткізді.

Аталмыш шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті,тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.М.Еспенбетова, журналист, сатирик А.Қ.Қонақбаева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің физика магистрі, кафедраның аға оқытушысы А.С. Нұртазина қатысып, баға жетпес құндылығымыз, қазақ тарихындағы қайталанбас жәдігер қатарындағы Қазақстанның символына айналған Есік қорғанынан табылған Алтын адам туралы және кванттық физика арқылы әлемде тұңғыш рет Алтын адам мұрасы бойынша прото дәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасап, 25 том кітап жазған жаратылыстанушы ғалым, адамзаттың 50000 жылдық тарихына бойлап, байырғы жаһандық тұлғалар өмірін суреттеп, ежелгі өркениеттердің ғажайып құпиясын бүгінге жеткізген бірегей зерттеуші – Мағрипа Жылқыбаеваның атқарған істерін көпшілік қауымға таныстырды. 

Шараға Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары  және Бопай ханым атындағы медициналық колледждерінің  оқытушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.

 Шара барысында кітапхана оқырмандарының назарына ұйымдастырылған «Алтын адам-қазақ даласының тарихи жәдігері» атты кітап көрмесіне кітапханашы Ақбаян Қойшығалиева библиографиялық шолу жасап, М.Жылқыбаеваның өмір жолы жайында бейне баян көрсетілді.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1