«Азаттықты аңсаған - Ғұмар Қараш»

21 сәуір  күні  ерекше тұлға, азаттықты аңсаған, поэзия мен журналистиканың жарық жұлдызы болған Ғұмар Қараштың 150 жылдық мерейтойына арналған «Азаттықты аңсаған - Ғұмар Қараш» әдеби кеші өтті. Кешке № 51 мектеп-гимазиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұргүл Смайлова, Дүние колледжінің гуманитарлық ғылымдар магистрі, тарих пәнінің мұғалімі Қайралапина  Алмагүл  Жасқайратқызы, Ұзақбай Құлымбетов атындағы  № 64 ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Төремұратова Нұрсауле Хусейқызы қатысты.Олар ақынның өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбек жолы жөнінде оқырмандарға тың ақпараттарымен  бөлісіп, шығармаларын талдады.Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының  тарихи-өлкетану музейінің арнайы жіберген видеосәлемдемесіне Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының  тарихи-өлкетану музейінің арнайы жіберген видео сәлемдемесі және Жәнібек аудандық  «Шұғыла» қоғамдық  -  саяси газетінің тілшісі Фазылова Меңдігүл Ғарифоллақызының дайындаған бейнематериалы  көрсетілді. Шарада  «Жалын» клубы №56 орта мектеп оқушылары және  «Үркер» шығармашылық ортасы ақынның шығармаларын жатқа оқыды. Кеш барысында «Ғүмар Қараш-тарихи тұлға»  кітап көрмесіне  библиографиялық шолу жасалды. Шараға Ақтөбе қаласының жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері, кітапхана оқырмандары  қатысты.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1