«Ерлікке тағзым»

 2 мамыр кұні Ұлы жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының батырлары, Ідіріс Үргенішбаев, Абдолла Жанзақов, Қожабай Жазықов, Малкеждар Бөкенбаевтың жанқияр ерліктерін насихаттау мақсатында, «Ерлікке тағзым» әдеби кеші өтті Кеш қонақтары ҚР мәдениет саласының және мемлекеттік қызметтің үздігі, Қазақстан Журналистер Одағы мүшесі, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Е. Қыдырғали Мұхитұлы; Балғали Қожағалиұлы (Қ.Жазықовтың ұрпағы); М.Бөкенбаев Ақтөбе заң институтының полиция аға лейтенанты Айсұлтан Бекет Ардақұлы Ұлы Отан соғысында озбырлықпен жанкешті еңбек еткен майдангерлердің ерліктеріне тоқталып, оқырмандарды Отанға деген шексіз, риясыз махаббатпен жақсы көруге шақырды. Сонымен қатар Кеңес Одағының Батырларына арналған бейне материалдар мен М.Бөкенбаевтың 100 жылдығына арналған деректі кинофильм көрсетілді. Кеш барысында «Иба» əдеби-мəдени клубының мүшелері Мұқағали Маралұлы, Алмас Жібек, Ақтемісова Райна, Болатқызы Ақиба «Өшпеген жалын», «Батырға тағзым», «Жеңіс», «Мен қазақпын» өлеңдерін оқыды. Оқырмандарға арналған «Тарих беттері сыр шертеді» кітап көрмесіне библиографиялық шолу таныстырылды

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1