10 сәуір күні кітапхана қызметкерлері мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым,экономика ғылымдарының докторы Нұрдәулет Күзембайұлы Күзембаевқа арналған « Нұрдәулет Күзембаев: мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым» облыстық ғылыми конференция өткізді. Кеңес заманындағы мемлекеттік қоғамдық-саяси қайраткерлік биігіне көтерілген белгілі ғалым Н.К.Күзембаев Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосты, елеулі еңбек сіңірді.
Аталмыш шара еліне ғалым ретінде аса көп қызмет етуді мақсат еткен Н.К.Күзембаевтың ғылыми-творчестволық жұмысын кеңінен насихаттап, оның есімі мен еңбектерін халық жүрегінде, қазақ тарихында мәңгі қалдыру мақсатын көздеді. Конференцияға Алматы қаласынан экономика ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, академик Ө.Қ.Шеденов (онлайн бейне баянымен), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессорлары: Б.А. Жүнісов, Н.А.Абдоллаев, К.К.Кенжебаев, Б.Е.Каирова, С.Бәйішев атындағы университеттің оқытушысы, доцент Т.Ж.Айжарықов, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одағының мүшесі Ж.Айжанов, медицина саласының ардагері Ж.Қ.Қасымов, Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы Ж.Қ.Макашев, «KAZGUU School.Aqt» ЖШС-тің маманы К.Т. Дүйсенбаева, ағайыны К.А.Бекешова қатысып, Н.К.Күзембаевтың мемлекеттік қызметі мен ғылым жолындағы табанды еңбегін, ізденістері мен ұмтылыстары жайында баяндап берді. Шараға Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің Жоғары колледж оқытушылары мен студенттері, зиялы қауым өкілдері, ғалымның туыстары, әріптестері, жерлестері, ардагерлер қауымы, кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында кітапхана оқырмандарының назарына ұйымдастырылған «Тұлға тағылымы» атты кітап көрмесіне кітапханашы А.Қойшығалиева библиографиялық шолу жасап, Н.К.Күзембаевтың өмір жолына арналған слайд көрсетілді.