«Подвиг длиною в жизнь»

Мамырдың 6-сы күні «Шекарасыз әдебиет» халықаралық жобасының аясында Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Подвиг длиною в жизнь» тарихи-танымдық (оnline) кеші өтті.

«Zoom» қосымшасы арқылы өткен шараға Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Светлана Мячина мен кітапхана қызметкерлері Екатерина Бурлакова, Дмитрий Сальников, Анастасия Четверикова қатысты. Сондай-ақ техника ғылымдарының кандидаты, доцент, РФ Президенті жанындағы Мәскеу мемлекеттік және муниципалдық басқару академиясының профессоры, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өнірлік университетінің профессоры, Мәскеудегі Ақтөбе қоғамдастығының мүшесі Асылбек Төлешов, Әлия Молдағүлованың туысы Ария Хабиева, Ақтөбе қалалық №9 орта мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі, педагог-эксперт Гүлсара Сексембаева қатысып, батырдың өмірі мен ерен ерлігі туралы баяндады.

Шара барысында Ақтөбе қалалық №9 орта мектеп-гимназиясының 5 «а» класының оқушылары (класс жетекшісі Джамиля Коваленя) «Славная дочь казахского народа» әдеби-музыкалық  композициясын ұсынып, Ясмина Ким мен Саида Утетлеуова батыр қызға арналған Яков Хелемскийдің «Сердце Лии», Валерий Лужнецкийдің «Алия» өлеңдерін оқып берді. «Арай» өнер мектебінің директоры Арайлым Мырзабекова ақын Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әнің тарту етті. Кітапхана қызметкері Рысжан Қарағұлова «Аңызға айналған ару» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, фото-шежіре слайд, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музейі  жолдаған «Заманауи Әлия музейі» бейнежазбасын ұсынды.

Сонымен қатар Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері екі мәрте Кеңес Одағының Батыры  Александр Родимцевтың өмірбаянымен таныстырып, «Легендарный комдив: к 120-летию Александра Ильича Родимцева», «Фронтовики – писатели Оренбуржья: видеопроект главной библиотеки Оренбуржья» фото-тарихи слайд,  бейнефильмдері көрсетілді.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1