Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаев 100 жыл

Бүгін ақын, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаевтың 100 жылдығына арналған тағылымды кеш өтті.

Шараға Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Құлкенов Мереке Әбдешұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Түрксой Жазушылар одағының төрағасы Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы, Түркиялық ақын, аудармашы Фатих Сұлтан Йылмаз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мейірхан Ақдәулетұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жақыпов Өтеген Үмбетырзаұлы, Қ.Шаңғытбаевтың қызы Гауһар Қуандыққызы, «СаГа» баспасының директоры Сайран Садықов,
Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисқызы Юнисова, Қазақстан Жазушылар одағының Ақтөбе облысы бойынша өкілі, ақын Бауыржан Мырзахметұлы Құрманқұлов және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кеш барысында қонақтар Қуандық Шаңғытбаевтың поэзиясы мен өмір жолына тоқталып, жүрекжарды естеліктерімен және шынайы лебіздерімен бөлісті.

Ақынның жүректен туған жырларын Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, Қ.Шаңғытбаевтың сөзіне жазылған жауһар әндер шырқалып, көрермен көңілінен орын алды.

Кеш аясында ақынның өмірінен сыр шертетін деректі фильм көрсетіліп, көрермен өткен ғасырдың әдеби тынысына бойлады.

Кеш жырмен өрілген өмірге тағзым, ұлт әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгерге көрсетілген шынайы құрметке айналды.

1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2