8 қазан күні Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасының құрметті байланысшысы» Кәрім Айнабековтің 85 жылдығына арналған «Жұлдызы жоғары қаламгер» поэзия кеші өтті.
Шараға «Қазақстанның құрметті журналисі», «Ақпарат саласының үздігі» А.Орынғалиев, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Е.Ашықбаев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағығының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Б.Құрманқұлов, «Қазақстанның құрметті журналисі», «Ақпарат саласының үздігі» Ж.Қабақбаев, журналист, ҚР мәдениет қайраткері, білім саласының үздігі, «Құрмет» ордені иегері, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Р.Отыншин, «Қазақстанның құрметті журналисі» Ғалымжан Төреханов, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, білім беру және мәдениет саласының ардагері Н.Қалауов, ақын, сазгер, журналист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «ҚР Құрметті азаматы», «Мәдениет саласының үздігі», «Жаңа Қазақстанның жыл адамы» Г.Аймаханова, журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі», «Ақтөбе» газетінің бөлім меңгерушісі Н.Дияров т.б. өңірдегі зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кештің мақсаты – ақын К.Айнабековтің өмірбаяны мен шығармашылығын насихаттау. Ақынның шығармаларын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде дәріптеу.
Шара барысында өлкетану әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Р.Карагулова К.Айнабековтің шығармашылығына арналған фото-шежіре слайд, «Тыңдаңдаршы, Тарих үні кеудемде ...» кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынып, кітапхана оқырмандары А.Гилман, А.Қалдыбайқызы, Қ.Айтжанова, Қ.Алпысбаева, Т.Мұратова қаламгердің «Сырдарияға», «Армысың, менің маңдайлым», «Қайда жүрсем», «Саған, маған» және т.б. өлеңдері оқып берді. Сонымен қатар, кітапхана қызметкері Е.Шығанақ К.Айнабековтің Г.Аймахановаға арналған «Шаршама» атты арнауын оқып берсе, Гүлсамал Төрединқызы Кәрім ағасына арнаған арнауын паш етті.
Қорытынды сөз сөйлеген кітапхана директоры С.Хакимова елдің танымал ақыны, абзал азаматы К.Айнабековтің жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталатының айтып, оқырмандарға алғыс білдірді.




.png)










