Шара барысында шебер ұрпағы - Мауыт Қарамұқанқызы әке өсиеті, өмірлік ұстанымы турасында әңгіме өрбітіп,сағынышпен еске алды.
Маңғыстау облыстық Мұрат Өскінбайұлы атындағы филармонияның “Ақжарма” этно фольклорлық ансамблінің әртісі, Маңғыстау өнер колледжінде ұстаз, оқытушы, шебер Қарамұқан Басшыұлының немересі - Әлия Қарамұқан ата жолын жалғап, домбыраны серік етіп келеді.Маңғыстау облысынан бейне сәлемдеме жолдап,шара қатысушыларының назарына күй тарту етті.
Еске алу сағатына «Қолөнер - мәңгілік мұра» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ақтөбелік қолөнер шеберлері туралы деректер, соның ішінде шебер Қарамұқан Басшыұлының фотосуреттері, еңбектері мен өмірдеректеріқойылды.
Шараға кітапхана, музей қызметкерлері, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.







.png)










